«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге осы сөзсіз келісімді (бұдан әрі – Келісім) «WorkPace» ЖШС-не, БСН 190840030959 (бұдан әрі – Оператор) сайттағы форманы толтырған тұлға (бұдан әрі – Субъект) береді.
Осы Келісім Операторға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен қазіргі уақытта және болашақта Оператормен байланысты үшінші тұлғаларға (бұдан әрі – Үшінші тұлғалар) осы Келісіммен реттелген мақсаттарда, Субъект пен Оператор арасында бұрыннан бар, сондай-ақ болашақта туындайтын азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де құқықтық қатынастарға байланысты, төменде көрсетілген Субъектінің дербес деректері мен мәліметтерін, сондай-ақ оларға болашақта енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жинауға және өңдеуге беріледі.
Субъект Операторға келесі дербес деректерді жинауға, өңдеуге және үшінші тұлғаларға беруге келісім береді:
- Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
- Электрондық пошта
- Байланыс телефон нөмірлері
Оператор дербес деректерді жинауды, өңдеуді және беруді келесі мақсаттарда жүзеге асырады, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей:
- Субъектіні сәйкестендіру;
- Субъектіге дербестендірілген сервистерді және қызметтерді ұсыну;
- Қажет болған жағдайда Субъектімен байланыс орнату, оның ішінде сервистерді пайдалану, қызметтер көрсетуге байланысты хабарламаларды, сұраныстарды және ақпаратты жіберу, сондай-ақ Субъектінің сұраныстарын және өтінімдерін өңдеу;
- Субъект ұсынған дербес деректердің дұрыстығын және толықтығын растау;
- Субъектімен телефон арқылы (оның ішінде қоңыраулар, SMS-хабарламалар және мессенджерлердегі хабарламалар) және электрондық пошта арқылы байланысу;
- Субъектінің келісімімен оған Оператордың немесе Оператор серіктестерінің атынан өнім жаңартулары, арнайы ұсыныстар, бағалар туралы ақпарат, жаңалықтар таратылымы және өзге де мәліметтерді ұсыну;
- Иесіздендірілген деректер негізінде статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу.
Дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау мерзімі оларды жинау мақсаттарына қол жеткізу мерзімімен немесе Субъектінің келісімін қайтарып алуына дейінгі мерзіммен айқындалады. Субъект Оператордың қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда оның келісімінсіз дербес деректерді өңдеуді жалғастыруға құқылы екендігі туралы хабардар етілген.
Субъект Оператордың дербес деректерді өңдеуді оның тапсырмасы бойынша және мүддесі үшін әрекет ететін, деректердің құпиялылығын және қауіпсіздігін (мысалы, байланыс қызметтерін жеткізушілерге, CRM жүйелері, e-mail және SMS таратылымдары, хостинг) қамтамасыз ететін үшінші тұлғаларға дербес деректерді жинау, өңдеу және беру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті көлемде тапсыруға құқылы екендігімен келіседі.
Оператор Субъектінің дербес деректерін заңсыз қол жеткізуден немесе жария етуден қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді.
Субъектінің өзі туралы ақпаратты шектеусіз тұлғалар тобына жалпыға қолжетімді ету мақсатында ерікті түрде ұсынған жағдайлардан басқа, Субъектінің дербес ақпаратына қатысты оның құпиялылығы сақталады.
Субъект өзінің дербес деректеріне енгізілген кез келген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы 3 жұмыс күні ішінде Операторға жазбаша түрде хабарлауға міндеттенеді.
Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелген жағдайларда, осы Келісімді қайтарып алу күніне дейін кемінде
3 (үш) жұмыс күні бұрын Операторға табыс етілетін жазбаша нысанда ресімделген тиісті өтініш негізінде кері қайтарып алынуы мүмкін. Бұл ретте Субъект Заңға сәйкес, егер осы кері қайтарып алу Заңға қайшы келсе немесе Субъектінің Оператор және (немесе) Оператормен байланысты Үшінші тұлғалар алдындағы орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда, осы Келісімді кері қайтарып алуға болмайтыны туралы хабардар етілген.
Ақпарат сұрату, келісімді кері қайтарып алу және басқа да мәселелер бойынша Субъект Операторға келесі электрондық пошта мекенжайы арқылы жүгіне алады: support@workpace.kz.